Жолдау-2026: Жол саласын цифрландыру маңызды
Президент Қазақстан Халқына Жолдауында республикалық және жергілікті маңызы бар жолдардың құрылыс сапасын арттыру өте маңызды міндет деп айрықша тоқталды. Және саланы түбегейлі цифрлық жүйеге көшіруді тапсырды.
Сыр өңірінде ұлттық жол сапа орталығының мамандары Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын ұжым болып көріп, жол саласына қатысты мақсат-міндеттерді мұқият тыңдады. Бүгінде орталық зертханалары заманауи технологиялармен толығып, әр процесс цифрлық жүйеге көшті. Жыл басынан бері жергілікті мамандар жол құрылыс материалдарынан 600-ден аса сынама алып, сапаға қатаң бақылау жүргізіп келеді.
Нұрбол Абызбаев, «ЖАСҰО» Қызылорда облыстық филиалының директоры:
Ұлттық жол сапа орталығында толығымен барлық жүйе бізде цифрландырылып жатыр. Қолдаймыз, Жолдауда айтылған тапсырмаларды. Әрі қарайда осы сапаны жақсарту мақсатында жұмыстар жалғасатын болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы