Басты Жаңалықтар Транзит пен логистика – экономика өзегі

Транзит пен логистика – экономика өзегі

Еліміз Еуразиядағы ірі көлік-логистикалық хабқа айналуы маңызды. Бұл экономиканы дамытудың маңызды бағыты болмақ.

Саясаттанушы Мақсат Жақау соңғы бес жылда бұл салаға инвестиция тартылып, еліміздің географиялық орналасуын тиімді пайдалануға басымдық беріліп келеді, деп отыр. Ал ендігі міндет –  жол инфрақұрылымын жетілдіріп, транзиттік тасымалдың мүмкіндігін арттыру. Әсіресе, Каспий мен Арал өңіріндегі көлік тораптарын дамыту арқылы жүк жеткізу бағыттарын оңтайландыруға болады. Бұл тасымал уақытын қысқартып, еліміз арқылы өтетін сауда ағынын ұлғайтуға жол ашады, дейді. Сонымен қатар, логистикалық инфрақұрылымның дамуы жаңа жұмыс орындарын құруға, сервистік қызмет сапасын арттыруға және экономиканың басқа салаларына серпін беруге мүмкіндік береді деген пікірде.

Мақсат Жақау, саясаттанушы:

Бұл Еуропада да дамыған мемлекеттерде, әсіресе, Бельгияның тәжірибесі бар.  Себебі Қазақстан сияқты теңіз жолдарына, мұхит жолдарына шыға алмайтын мемлекет ретінде құрлықтық жолдары арқылы жол тораптарын күшейту арқылы дамытуға болатын жол бар екенін көрсетеді. Президенттің Қазақстан халқына берілген Жолдауының ішінде бір үлкен дүниені түсіндік бұл еліміз реформалар кезеңінде өмір сүріп жатқандығын көрсетті.

Бөлісу