Басты Жаңалықтар Ерекше балаларға қажетті инфрақұрылымды көбейту қажет

Ерекше балаларға қажетті инфрақұрылымды көбейту қажет

Бүгінде Қазақстанда инклюзивті білім алатын 237 мыңнан астам бала бар. Өкінішке қарай, соңғы жылдарда ерекше қажеттілігі бар балалардың саны артып келеді. Бүгін Қазақстан халқына жариялаған Жолдауында Президент бұл тақырыпқа айрықша тоқталды. Үкімет әкімдермен бірлесіп, осы салаға қатысты инфрақұрылымды дамытуға тиіс. Ауқымды құрылысты жүргізу кезінде бұл бағыт назардан тыс қалмауы қажет. Маман тапшылығын азайту және ерекше қажеттілігі бар балалардың диагнозын ерте жастан анықтау жұмысы да жүйелі түрде жүргізілуі керек. Бұл жұмысқа «Қазақстан халқына» қоры белсенді атсалысқаны жөн, деді Мемлекет басшысы.

Екатерина Смолякова, ҚР Құрылтайының депутаты:

Құрылыс жылы аясында оңалту орталықтары, түзету орталықтары, балаларға арналған инфрақұрылым, жаңа мектептер, жаңа перинаталды орталықтар, ерте диагоностикалауға арналған медициналық орталықтар ашылады. Бұл әлеуметтік сала үшін үлкен жетістік болайын деп тұр.

Бөлісу