Алматыда ортез дайындайтын алғашқы зертхана ашылды
Алматыда ортез дайындайтын алғашқы зертхана ашылды. Әлеуметтік қорғау саласындағы ұлттық ғылыми орталықта орналасқан зертханада мүгедектігі бар азаматтарға қажетті медициналық құрылғылар тегін жасалады. Заманауи технологиялардың арқасында ортез дайындау уақыты екі есе қысқарған. Мамандар алдымен науқастың дене бітімін 3D сканерден өткізіп, компьютерлік модельдеу арқылы жеке өлшеміне сай ортез жасайды. Орталық көмегіне жүгінетіндердің басым бөлігі – балалар. Мамандардың айтуынша, ортезді дер кезінде қолдану олардың денсаулығын жақсартып, қимыл-қозғалысын қалпына келтіруге септігін тигізеді. Биыл 500-ге жуық ортез дайындау жоспарланған. Ал келер жылы өндіріс көлемін үш есеге дейін арттыру көзделіп отыр.
Асқарбек Ертаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
Біздің мүгедектігі бар азаматтарымызға осындай ортездерді шығарады. Жалпы, ол деген біздің инклюзия саясатына 2030 жылға дейінгі тұжырымдамаға сәйкес Мемлекет басшысының тапсырмасы. Енді біз болашақта осындай лаборатория жұмысын тек кеңейту жағын қарастырамыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы