Басты Жаңалықтар Еліміздегі көлік нөпірінің 23%-ы Жамбыл облысының аумағынан өтеді

Еліміздегі көлік нөпірінің 23%-ы Жамбыл облысының аумағынан өтеді

Жамбыл облысының аумағынан өтетін республикалық «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының сапасы талапқа сәйкестендіріліп жатыр. Осы күнде 1200 шақырым жол қатынауға қолайлы, барлық жол белгілерімен қамтылған.

Мамандардың сараптамасына сүйенсек, аймақтағы ақылы жолдар арқылы тәулігіне 49,4 мыңнан астам көлік жүреді екен. Бұл республикадағы барлық ақылы автомобиль жолдарымен жүретін 217 мың көліктің 23%-ы. Сонымен қатар, елімізде жүк көліктерінің тәуліктік нөпірі 26 мыңға жуықтаса, оның 9 мыңы Әулиеата автодәлізімен қатынайды. Сондықтан жол сапасын сақтап, қауіпсіз логистиканы дамыту бағытында өңірде 200-ден астам адам жұмыс істейді.

Жаңалық Ұзақбайұлы, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалының жол жөндеу маманы:

Осы жол саласында 24 жылдан бері жұмыс жасап келемін. Жұмыстың жеңілі жоқ, түнде де шығуға тура келеді. Тоқтап қалатын машиналар болады, соларға уақытша қойылатын жол белгілерін қойып шығамыз. Әсіресе, қыс айларында көп шығамыз.

Бөлісу