Басты Жаңалықтар Республика күні қарсаңында бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды

Республика күні қарсаңында бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды

Республика күні қарсаңында Вице-Президент Ерлан Қарин бірқатар қоғам қайраткері мен ғылым, білім, мәдениет салаларының өкілдеріне мемлекеттік наградалар табыстады. Биыл Президент Жарлығымен ел дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды. Олардың қатарында еңбек ардагерлері, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы қызметкерлері, педагогтер, ғалымдар, медицина мамандары мен кәсіпкерлер бар. Ерлан Қарин марапат иелерін мерекемен құттықтап, ел игілігі жолындағы еңбектеріне табыс тіледі.

Ерлан Қарин, Қазақстан Республикасының Вице-Президенті:

Конституцияда бекітілген құндылықтар мен қағидаттар ұлттық идеологиямыздың өзегіне айналуға тиіс. Бұл ретте Ата Заңымызда егемендік пен тәуелсіздікті қорғау мемлекет қызметінің негіз құраушы қағидаты деп нақты жазылған. Себебі, қашан да егемендік пен тәуелсіздік біз үшін қастерлі ұғымдар.

Бөлісу