Басты Жаңалықтар Президент NVIDIA компаниясының президентін қабылдады

Президент NVIDIA компаниясының президентін қабылдады

Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады. Ақордада өткен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев бұл сапардың екіжақты ынтымақтастықты нығайтудағы маңызын атап өтіп, оның отандық жасанды интеллект экожүйесін дамытуға қосқан үлесіне ризашылық білдірді. Мемлекет басшысы цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамытуды, ұлттық басымдық ретінде атады. NVIDIA жетекшісі Қазақстанды Physical AI әлемдік хабына айналдыруды ұсынды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

NVIDIA компаниясымен ықпалдастыққа соны серпін беру тұрғысынан сапарыңыздың мәні зор. Серіктестігімізді нығайту жолындағы және Қазақстанның игілігі үшін атқарып жатқан еңбегіңізге алғыс айтқым келеді.

Дженсен Хуанг, NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті:

Соңғы жылы өзара қарым-қатынасымыз өте нәтижелі болды. Біз қазақстандық Firebird AI KZ Ltd және «Қазақтелеком» компанияларымен серіктестік байланыстарды дамыта бастадық. Сонымен бірге Қазақстанның алғашқы технологиялық сыңармүйізі саналатын Higgsfield компаниясына қолдау көрсетеміз. Бірге атқарған жұмыстарымызға дән ризамын.

Президент Қазақстанда жасанды интеллектінің дамуына үлес қосқаны үшін Дженсен Хуангты І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Бөлісу