Жамбыл облысының жолдарын қысқа дайындап қойды
Жамбыл облысы бойынша автожолдарды қысқы маусымға дайындау барысы жоспарға сай жүріп жатыр. Әр аудандағы қоймаларға көктайғаққа қарсы себілетін қоспалар сатып алынды. Сонымен қатар жүзден астам техника дайындалып, жылыту орындарын жасақтау жұмыстары толық аяқталды. Өңір климаты шұғыл континенталды болғандықтан қысқа ерте қамдануды қажет етеді. Жалпы аймақта республикалық маңызы бар жол ұзындығы 1200 шақырымнан асатындықтан қауіпті учаскелер де аз емес. Олардың қатарында жаңа және ескі Күйік асуы, Шақпақ пен Қордайдағы бірнеше асу бар.
Біржан Әшіров, «Қазавтожол» ҰК» АҚ облыстық филиалының бөлім басшысы:
Аталған учаскелерде қыз мезгілінде күтіп, ұстау жұмысы күшейтілген режимде жүргізілетін болады. 40 мыңнан астам қиыршық тас, 11 мыңнан астам құм, 8 мыңнан астам тұз дайындалған. Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстауға 5 жол пайдалану бөлімшесі және 11 жол пайдалану пункті жұмылдырылады. Техникалардың 40 пайызы жаңартылды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы