Жетісу облысының 5 ауылына газ берді
Бір күнде Панфилов ауданындағы бес ауылға көгілдір отын беріліп, 1500-ге жуық тұрғын көмір түсіріп, күл шығару машақатынан құтылды. Ол үшін 60 шақырымға жуық құбыр тартылған. Осыдан 4 жыл бұрын өңірдегі небәрі бес елді мекен табиғи газбен қамтылған еді. Қазір газ берілген ауылдардың саны 100-ден асты. Одан бөлек Ақсу, Сарқан және Алакөл аудандарындағы 84 ауылға құбыр тарту жұмыстары басталды. Екі жылға жоспарланған жоба толық іске асса, облысты газдандыру деңгейі 94 пайызға жетеді.
Асқар Айыпұлы, Ақарал ауылының тұрғыны:
Көгілдір отын өте таза ғой. Үйдің ішінде көп иіс, қоңыстар шықпайды. Сондықтан бұл отбасының тіршілік жасауына үлкен септігін тигізеді деп ойлаймыз. Олар отын-судың қамын ойламайды. Енді барлығы үйге келіп тұр.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06