Биыл интернет-алаяқтық 21%-ға азайды
Жыл басынан бері интернет-алаяқтық деректері 21 пайызға азайды. Алданған азаматтарға 617 млн теңге қайтарылды. Ішкі істер министрлігі бұл туралы орталық коммуникациялар алаңында өткен арнайы брифингте айтты. Антифорд орталықтар тұрғындардың шоттарын дер кезінде бұғаттап, алаяқтар ұрламақ болған 5 жарым миллиард теңгені сақтап қалды. Дропперлердің шоттарындағы 1 жарым миллиард теңге де иелеріне қайтарылды. Сондай-ақ жуырда ғана құзырлы органдар байланыс операторларымен бірлесіп, ірі ұйымдасқан топты әшкереледі.
Жандос Сүйінбай, ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы:
Ағымдағы жылғы мамыр айында біз Чехия полициясымен бірлесіп Қазақстан азаматтарының дербес деректерін таратқан халықаралық арнаны жою бойынша сәтті арнайы операциясын жүргіздік. Олардың барлығы Қазақстан азаматтары. Қылмыстық схеманың 3 тікелей ұйымдастырушысы ұсталып, қамауға алынды. Тергеу жүргізілуде.
Интернет-алаяқтық жылдағыдан азайғанымен, жолын тауып, қылмысқа баратын әккілер әлі де жетерлік. «Hi-tech» жедел-профилактикалық шарасы аясында шілде айнынан бері 1600-ге жуық киберқылмыс анықталды. Қазір 1242 іске қатысты тергеу аяқталып, 724 әккі қылмыскер ұсталды. Оның 22-сі шетел азаматы. Алаяқтар ашқан сайттар да бұғатталып жатыр. Жыл басынан бері 82 мыңы жабылды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы