2027 жылдан бастап жекеменшік балабақшалар лицензия алуға міндетті
Мемлекет балабақшаларға қойылатын талапты күшейтті. 2027 жылдан бастап барлық жеке балабақша лицензия алуға міндетті. Ал оған ие болу үшін мамандардың білігі, өрт қауіпсіздігі мен бейнебақылау, санитарлық норма, ас мәзірі сынды жұмыс сапасының негізгі көрсеткіштері ескеріледі. 2011 жылға дейін балабақша ашу үшін мемлекеттен арнайы рұқсат алу міндетті болған. Кейін мектепке дейінгі орын тапшылығын азайту мақсатында лицензиялау алынып тасталған еді. Сондықтан нарықта жекеменшік балабақшалар саны күрт көбейген. Алайда уақыт өте келе салада қауіпсіздік, кадр даярлығы мен білім сапасына қатысты мәселелер туындағандықтан Оқу-ағарту министрлігі бәрін бірдей талапқа сай лицензиялауды қолға алды.
Құралай Әбеуова, ҚР Оқу-ағарту министрлігі білім сапасын қамтамасыз ету комитетінің бас сарапшысы:
Бізге түрлі шағымдар түсті. Мысалы, балалар мектепке дейінгі білімді жеткілікті деңгейде алмайды, қауіпсіздік шараларын сақтамайтын ғимараттар жайлы да хат жазған. Сондықтан 2021 жылы біз лицензияны қайтару қажеттігі жайлы сөз қозғадық. Бұл ұсыныс ұзақ уақыт талқыланып, түзетулер енгізіліп, 2027 жылдан бастап күшіне енетін болды. Бұл қадам мектепке дейінгі білім беру сапасын арттырып, нарықтағы талаптарды біріздендіруге бағытталған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы