Басты Жаңалықтар Бүгін қазақстандық спортшылар пара үстел теннисінде бақ сынайды

Бүгін қазақстандық спортшылар пара үстел теннисінде бақ сынайды

Бүгін Жапонияның Нагоя қаласында V Азия Пара ойындары аясындағы алғашқы жарыстар басталады. Қазақстандық спортшылар пара үстел теннисінен жекелей сында бақ сынайды. Марат Суртубаев, Алтынай Ержанқызы, Александра Степанова, Антонина Рогова және Ардақ Нұрмағамбетов жарыс жолына шығады. Қазақстандық спортшылардың қатысуымен өтетін жарыстарды «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалауға болады. Айта кетейік, Азия Пара ойындары 18-24 қазан аралығында өтеді. Жарысқа Азияның 45 елінен 4 000-ға жуық спортшы қатысады. Биыл Қазақстан ұлттық құрамасының сапында 150 спортшы ел намысын 12 спорт түрінен қорғайды.

Бөлісу