Басты Жаңалықтар АҚШ-та мектепке жасалған шабуылдан 4 адам қаза тапты

АҚШ-та мектепке жасалған шабуылдан 4 адам қаза тапты

АҚШ-тың Орегон штатының Бенд қаласында 16-жасар жасөспірім бастауыш мектепте оқ жаудырып, үш оқушы мен бір мұғалімді мерт қылды. Кейіннен жеткіншектің өзін жергілікті тұрғындардың бірі атып тастады. Орегон губернаторы оған «жағдайға араласып, көп адамның өмірін сақтап қалғаны» үшін алғыс білдірді.

Көз жұмған балалардың жасы – бесте, сегізде және он бірде. Тағы бір жеті жасар оқушы мен 54 жастағы оқытушы ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Оқ жаудырған жасөспірімнің мектеппен қандай байланысы болғаны әзірге белгісіз. Қазір тергеу жүріп жатыр.

«CNN» телекомпаниясының дерегінше, бұл – 2026 жылдың басынан бері америкалық мектептерге болған 36-шы атыс.

Бөлісу