Басты Жаңалықтар Ақмола облысында ескерткіштердің маңайы қоқыстан тазартылды

Ақмола облысында ескерткіштердің маңайы қоқыстан тазартылды

Көкшетауда «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында тарихи-мәдени мұра ескерткіштерінің маңайы мен киелі орындар қоқыстан тазартылды.

Ақмола облысы аумағында бүгінде 1823 тарихи-мәдени мұра ескерткіші бар. Оның 54-і киелі орындар тізіміне енген. Науан Хазірет мазары сол тізімдегі тарихи ескерткіш саналады. Науан Хазіреттің шын есімі Наурызбай Таласұлы болған. Ол медресе ашып, балалардың сауат ашуына көп үлес қосқан ағартушы, әрі халықтың рухани көшбасшысы саналады. Акция аясында мазардың маңы өскен шөп пен қоқыстан тазартылды.

Серік Жетпісқалиев, Көкшетау қалалық ақпараттық-кітапханалар жүйесінің директоры:

Осындай мазарларды күтіп ұстау, оның маңайын тазалау – біздің міндетіміз. Жастарға үлгі ету біздің міндетіміз. Сондықтан осындай акцияларға жастардың көбірек тартылғаны, көбірек қатысқаны өте жақсы.

Бөлісу