«Таза Қазақстан» Road-эстафетасы Абай облысында: Жидебай қорығы тазартылды
«Таза Қазақстан» Road-эстафетасы Абай облысына жетті. Акцияның үшінші күні «Әділет» партиясының жастар қанаты Жидебай қорығының аумағын қоқыстан тазартып, заңсыз жазуларды өшірді. «Вандализмге жол жоқ!» акциясының мақсаты – тарихи мұраны қорғау және жастардың экологиялық жауапкершілігін арттыру. Жалпы эстафетаға бес мыңға жуық жас пен ерікті қатысып жатыр. Олар төрт күнде 1800 шақырым жол жүріп, төрт облыстың 10 ауданы мен 59 ауылын қамтиды. Келесі аялдама – Шығыс Қазақстан облысы.
Темірлан Бақтияров, «Әділет» партиясы Абай облыстық жастар қанатының төрағасы:
Абай ауданындағы жидебай қорығында «Таза Қазақстан» акциясын жүргізіп жатырмыз. Сонымен қатар қорықтың аясын вандализмнан сақтау мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар эко активити болады. Жалпы осы жобалардың барлығы роад эстафетасының аясында өткізілуде. Ол жахынан ауыл тұрғындары да қосыла қатысып жатқан жайы бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы