Басты Жаңалықтар Президент Бельгиялықтар Королі және Патшайымына Ұлттық музейді көрсетті

Президент Бельгиялықтар Королі және Патшайымына Ұлттық музейді көрсетті

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Король Филипп және Патшайым Матильдамен бірге Ұлттық музейді аралады. Мәртебелі меймандар музей кешенінің сәулеттік ерекшеліктерін және Ұлы даланың мәдени-тарихи мұрасын паш ететін экспозициялар кеңістігін тамашалады. Қонақтар әсіресе бірегей археологиялық қазбалар, ежелгі зергерлік өнер үлгілері, соның ішінде Есік қорғанынан табылған «Алтын адам» мен Берел, Талды-2, Тақсай, Шілікті обаларынан шыққан алтын бұйымдар қойылған Алтын залына ерекше назар аударды. Ал этнография залында қазақ халқының салт-дәстүрімен, тұрмысымен, материалдық және рухани мәдениетімен танысты. Сондай-ақ бельгиялық суретші Джеймс Энсор шығармаларының көрмесі ұсынылды. Бельгиялықтар Королі мен Патшайымы Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.

Бөлісу