Басты Жаңалықтар Шымкентте 150 орындық оңалту орталығы ашылды

Шымкентте 150 орындық оңалту орталығы ашылды

Шымкентте ерекше қажеттілігі бар азаматтарға арналған 150 орындық жаңа оңалту орталығы ашылды. Кешенде ем-доммен қатар, қозғалысты қалпына келтіруге, күнделікті дағдыларды дамытуға, еңбекпен және шығармашылықпен айналысуға жағдай жасалған. Оңалту корпусында физиотерапия, механотерапия, массаж, сумен емдеу, логопедиялық және психологиялық көмек көрсетіледі. Арнайы шеберханалар мен уақытша тұруға арналған стационар да қарастырылған. Нысан Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бой көтеріп, құрылысы жоспарланған мерзімінен бұрын аяқталды.

Жандос Тұрлыбекұлы, дәрігер-реабилитолог:

 4,5 мыңнан аса 1-2  топ ерекше жандар бар қаламызда. Шаһарда 1  ғана мұндай орталық бар еді. 70 жатын орынға есептелген. Ал мынау 150 орынға лайықталып отыр.

Бөлісу