Басты Жаңалықтар Мемлекет басшысы ұшақ апатына байланысты Нигерия президентіне көңіл айтты

Мемлекет басшысы ұшақ апатына байланысты Нигерия президентіне көңіл айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нигерияның Ондо штатында Әскери әуе күштерінің ұшағы апатқа ұшырап, адамдардың қаза табуына байланысты Президент Бола Ахмед Тинубуға көңіл айтты. Жеделхатта мемлекет басшысы жақындарынан айырылған отбасылардың қайғысына ортақ екенін жеткізді. Бенин қаласынан Лагосқа аттанған ұшақ дүйсенбі күні аталған штаттың  оңтүстік-батысындағы өзен маңына құлап, 25 адам қаза тапты. Құрбандардың бесеуі – экипаж мүшелері, 20-сы – жолаушылар. Сейсенбіде олардың мәйіттері мен әуе машинасының сынықтарын суда іздеу операциясы жүргізілді. Оқиғадан кейін Нигерия басшысы апаттың себебін тергеуге бұйрық беріп, алдағы үш күнді қаралы деп жариялады.

Бөлісу