Басты Жаңалықтар Ерекше қажеттіліктері бар балаларға жағдай жасалды

Ерекше қажеттіліктері бар балаларға жағдай жасалды

Мемлекет басшысы ерекше қажеттіліктері бар балаларды жан-жақты қолдап, оларға медициналық және әлеуметтік қызмет көрсететін орталықтарды көбейтуді тапсырған. Бұл бағыттағы жұмыстар Абай облысында да жүзеге асырылып жатыр. Соның бір мысалы – Үржар ауданындағы балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы. Осыған дейін мекеме санитарлық талапқа сай келмеген еді. Оның үстіне медициналық бөлім мен асхана негізгі ғимараттан 170 метр қашықта орналасқан. Бұл балалардың қатынауын қиындататын. Сондықтан биыл қосымша ғимарат салынып қолданысқа берілді. Заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған кабинеттер көрсетілетін қызмет сапасын арттыра түсті.  Орталықта тірек-қимыл аппараты бұзылған және психоневрологиялық ерекшеліктері бар 3 пен 18 жас аралығындағы балаларға жан-жақты көмек көрсетіледі. Бұған дейін 56 балаға есептелген мекеме енді 70 тен астам жасөспірімді қабылдай алады.

Гүлнар Әбдірахманова, арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары:

Осы ғимартқа кірдік. Осы жерде медблок және асхана бар.Енді балаларымызға бәрі жайлы.
Орындары бәрі санпин бойынша тағайындалған. Биылғы жылы бізде 6 шеберхана ашылды. Іс шеберханасы. Столярный шеберхана. Бәрі жабдықталған заманауи.

Бөлісу