Басты Жаңалықтар Вице-Президент Ерлан Қарин бірқатар екіжақты кездесу өткізді

Вице-Президент Ерлан Қарин бірқатар екіжақты кездесу өткізді

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының XXIV отырысы аясында Съезд Хатшылығының басшысы – Вице-Президент Ерлан Қарин бірқатар екіжақты кездесу өткізді. Кездесулер барысында алдағы отырыстың күн тәртібі және Съезд аясындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Мәселен, Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы Шейх-уль-Ислам Аллахшүкір Пашазадемен кездесуде оның Съездің қалыптасуы мен дінаралық диалогты дамытуға қосқан көпжылдық үлесі атап өтілді. Ерлан Қарин оның бейбітшілік, өзара құрмет пен келісім идеяларын ілгерілетудегі еңбегінің маңыздылығына тоқталды. Ал Бүкіләлемдік Ислам лигасы Бас хатшысының орынбасары Абдулрахман Абдулла әл-Заидпен кездесуде Лиганың Съезд жұмысына көп жылдан бері қатысып келе жатқаны әрі дінаралық диалогты дамытуға қосқан үлесі сөз болды. Сонымен қатар, шетелдік қонақтар Қазақстанды жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады.  

Бөлісу