Басты Жаңалықтар Қазақстан-Оман елдерінің қаржы институттары бір-бірімен тікелей байланыс орнатады

Қазақстан-Оман елдерінің қаржы институттары бір-бірімен тікелей байланыс орнатады

Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидтың елімізге мемлекеттік сапары аясында қазақ-оман бизнес форумы өтті. Жиынға екі елдің жетекші компаниялары мен іскерлік топ өкілдері қатысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев форумда сөз сөйлеп, екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды ілгерілету үшін өзара келісімшартты күшейту қажет екенін алға тартты. Мәселен, Қазақстанда инвесторлар үшін мейлінше түсінікті, ашық әрі сенімді шарт жасалған. Сондай-ақ екі елдің делегациясы арасындағы байланысты да дамытуға айрықша мән берілді. Мемлекет басшысының пайымдауынша, тиімді қаржылық тетіктер Қазақстан мен Оманның ортақ мақсаттарын қуаттай түседі.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Біз «Самұрық-Қазына» АҚ мен Оман инвестициялық басқармасы арасындағы бірлескен инвестициялық құрылымды іске қосу туралы келісімге қол қойылуын құптаймыз. Бұл маңызды бастама қаржылық мүмкіндіктерді біріктіріп, қосымша инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ біз Оманның жақында құрылған Халықаралық қаржы орталығымен ынтымақтастықты жолға қоюға болады деп санаймыз. Екі ел қаржы институттарының бір-бірімен тікелей байланыс орнатуы инвестициялық мүмкіндіктерге жол ашады.  

Бөлісу