Басты Жаңалықтар Ақтөбеде жаңа театрдың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Ақтөбеде жаңа театрдың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Ақтөбеде 700 орындық заманауи драма театрдың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Облыс орталығына жаңа театрдың қажет екені туралы Мемлекет басшысының өзі өңірге сапары кезінде атап өткен еді.

Құрылыс былтыр басталды. Қазір нысанның екінші қабатының қабырғалары мен бетон конструкциялары қаланып жатыр. Жаңа театрда көрермендерге арналған екі зал, гримерлер мен костюмерлерге арналған кең бөлмелер болады. Сондай-ақ, заман талабына сай техникалық жабдықтармен қамтылады. Өнер ордасы келер жылдың жазында қолданысқа берілуі тиіс. Ауқымды құрылыс жүріп жатқан «Алтын орда» ауданының бұл бөлігінде театрдан бөлек стадион, спорт кешендері және үлкен саябақ болады.

Аслан Жарасбаев, Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары:

60 пайызға дайын. Ол жақта қаңқасы құрылған және ішкі бөліктері бөлінген. Қазіргі кезде оның еденін құю, сонымен қатар әйнектерге тапсырыс беріліп және ауласының абаттандыру негіздері салынып жатыр.

Бөлісу