Қазақ мәдениетін Брюссельде студенттер таныстырды
Бельгиядағы
қазақстандық студенттер елдің дамуына қомақты үлес қосудан үмітті. Корольдіктің
беделді оқу орындарында білім алып жатқан жастар үш жыл бұрын «Qazaq society»
қауымдастығын құрған. Қауымдастық өкілдері Брюссельде өткен халықаралық
студенттер кездесуінде қазақ мәдениетін таныстырды. Ұлттық киім киген қыз-
жігіттер шетелдіктерге бауырсақ пен Қазақстан шоколадынан дәм татқызып, салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайлы мағлұмат берді.
Елдің көрікті жерлерін жарнамалап, туристік әлеуеті туралы баяндады.
Назгүл Нұрғали, «Qazaq
society» студенттер қауымдастығының президенті:
Біздің мақсатымыз – шетелдіктерге елімізді таныстыру. Абай атамыздың кітаптарын қойып, бізде осындай ұлы ақын, философ бар екенін паш еткіміз келді. Шетелдегі әр қазақ елінің айнасы. Сондықтан, біз Қазақстанның абыройын арттырып, шетелдің озық тәжірибесін игеріп, ел игілігіне жұмсасақ дейміз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы