Ботай мәдениеті Кембриджде таныстырылды
Ботай мәдениеті Кембриджде таныстырылды. Британиялық ғалымдар жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін мойындап, көрме мен конференция өткізді. Тұманды Альбиондағы тілшіміз Марина Бекенова жалғастырсын.
Шараның ашылуында сөз сөйлеген Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі Әлібек Бақаев аймақ тарихын әділ зерделеудің маңыздылығына тоқталды. Бұл күні шетелдіктер назарына Солтүстік Қазақстан облыстық мұражайынан жеткізілген жәдігерлер мен бейнелеу өнерінің 22 туындысы ұсынылды.
Ол дала өркениетінің басында тұрған, сол өркениетке нәр берген археологиялық мәдениет болып табылады. Сондықтан да оны әлем жұртшылығына таныту өте маңызды іс деп ойлаймыз.
Бұған қоса Кембридж университетінің Макдональд археологиялық зерттеулер институтында «Еуразиядағы ежелгі қарым-қатынастарды зерттеудің жаңа бағыттары» атты халықаралық ғылыми конференция ұйымдастырылды. Ол 3 күн қатарынан өткізіледі. Шараға Қазақстан, Ұлыбритания және басқа да елдердің ғалымдары қатысты.
Қазақстандағы әріптестерімізбен көп жылдан бергі ынтымақтастық байланыстырады. Алдағы уақытта бірлескен жаңа жобаларды дамытып, жас зерттеушілерді қолдап, әріптестігімізді нығайтқымыз келеді.
Бүгінде Ботай мәдениеті ЮНЕСКО тарапынан алдын ала мойындалғанымен, Бүкіләлемдік мұраларының тұрақты тізіміне енген жоқ. Кембриджде өтіп жатқан шара тарихи орынның жаһандық маңызын арттырып, әрі қарай ілгерілеуіне мүмкіндік бермек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы