Басты Жаңалықтар Астанада кезекте тұрғандарға 562 пәтер беріледі

Астанада кезекте тұрғандарға 562 пәтер беріледі

Астанада кезекте тұрған азаматтарға 562 кредиттік пәтер беріледі. Өтінім қабылдау ертең, 7 қазанда басталып, 19 қазанға дейін жалғасады. Пәтерлер Нұрлы жол вокзалы ауданындағы А91 көшесінде орналасқан. Оның 166-сы – бір бөлмелі, 276-сы – екі, 80-і – үш, 40-ы – төрт бөлмелі. Пәтердің бір шаршы метрінің бағасы - 332 916 теңге. Өтінімдер Baspana Market порталындағы жеке кабинет арқылы қабылданады. Тұрғын үй «Отбасы банк» арқылы 5 пайыздық мөлшерлемемен беріледі. Бастапқы жарна кемінде 10 пайыз болуы тиіс.

Бөлісу