Басты Жаңалықтар Премьер-министр атом өнеркәсібін дамыту жөнінде кеңес өткізді

Премьер-министр атом өнеркәсібін дамыту жөнінде кеңес өткізді

Премьер-министр атом өнеркәсібін дамытуға қатысты Мемлекет басшысы жүктеген тапсырмаларды іске асыру жөнінде кеңес өткізді. Жиында атом саласын 2050 жылға дейін дамыту стратегиясы аясында іс-шара жоспары талқыланды. Атап айтқанда, жаңа уран учаскелерін анықтау, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және елдің уран қоры мен шикізат базасын кеңейту мәселелеріне басымдық берілді.

Олжас Бектенов атом энергетикасын дамыту ел экономикасының ұзақмерзімді әрі тұрақты өсімі үшін маңызды екенін атап өтті. Осыған байланысты жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдарға кен орындарын тиімді игеру және одан түсетін пайданы көбейту жөнінде тапсырмалар берілді.


Бөлісу