Басты Жаңалықтар Almaty SuperSki: Жеті бағыт бойынша зерттеу жүргізілді

Almaty SuperSki: Жеті бағыт бойынша зерттеу жүргізілді

Almaty SuperSki тау курортының құрылысы басталмас бұрын аумақ 7 бағыт бойынша жан-жақты ғылыми зерттеуден өткен. Жұмысқа мемлекеттік ғылыми институттар мен сала мамандары қатысты. Олар табиғи аумақтың жай-күйін, су ресурстарын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін, топырақ құрамын, геологиялық жағдайды, мұздықтарды және археологиялық нысандарды зерделеген. Мақсат - құрылыс кезінде және курорт толық іске қосылғаннан кейін де табиғатқа зиян келтірмеу. Зерттеу нәтижелері негізінде тиісті құжаттар әзірленіп, жоба қоғамдық талқылаудан өткен. Жоспар бойынша шамамен 60 шақырым шаңғы трассасы болатын курорттың құрылысы 2028 жылы аяқтаталады.

Ержан Еркінбаев, Kazakh Tourism Development компаниясының бас атқарушы директоры:

Алматы SuperSki жобасының құрылысы басталып кетті. Негізі 11 аспалы жолдың құрылысы басталып кетті. Оны басқаратын – Францияның POMA компаниясы. Бұл – дүниежүзіндегі ең ірі аспалы жол өндіретін компаниялардың бірі. Ең маңыздысы – осы аумақта құрылыс жүргізілетін жерлерде Қызыл кітапқа кіретін ағаштар жоқ, олар кесілмейді. Құрылыс аумағынан тыс жерде 15 ағаш бар, олардың барлығы сақталып қалады.
Бөлісу