Басты Жаңалықтар Мемлекет басшысына Қорғаныс министрлігінің бюджетіне жүргізілген аудиттің барысы баяндалды

Мемлекет басшысына Қорғаныс министрлігінің бюджетіне жүргізілген аудиттің барысы баяндалды

Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады. Кездесуде Қорғаныс министрлігінде бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына қатысты жүргізіліп жатқан жоспардан тыс аудиттің барысы баяндалды. Ауқымды тексеріс 50 нысанды, оның ішінде 48 әскери бөлімді қамтиды. Бұл жұмысқа мемлекеттік аудит жүйесінің жетекші мамандары, IT және байланыс саласының сарапшылары тартылған. Олар әскери бөлімдердің материалдық-техникалық жабдықталуын, жеке құрамның даярлығын және оқу-жаттығулардың өткізілуін тексереді. Сондай-ақ әскери инфрақұрылымның дамуына, қару-жарақ пен техниканың жаңартылуына, цифрлық жүйелердің жұмысына баға береді. Жоғары аудиторлық палата тексеріс қорытындысы бойынша анықталған заң бұзушылықтарды жою үшін Үкіметке және салалық мемлекеттік органдарға 57 нақты ұсыным мен тапсырма жолдады. Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қорғаныс министрлігіндегі аудитке және мемлекеттік аудит жүйесін одан әрі жетілдіруге қатысты нақты тапсырмалар берді.


Бөлісу