Қорғаныс министрлігін тексеру: 13 қылмыстық іс қозғалды
Қорғаныс министрлігін тексеру қорытындысы бойынша 13 қылмыстық іс қозғалды. Істер мемлекет мүлкін талан-таражға салу және қызметін асыра пайдалану фактілеріне қатысты. Бұл туралы Қорғаныс министрлігіндегі кешенді тексеру жүргізу жөніндегі комиссия мүшелерімен Президент өткізген кеңесте белгілі болды. Маңғыстаудағы қайғылы оқиға Қарулы күштердегі жүйелік проблемаларды көрсетті. Әскери оқу-жаттығуларды жоспарлау кезінде елеулі кемшіліктер анықталды. Тәуекелдерді бағалау талаптары сақталмаған. Десант түсіруді ұйымдастыруда да олқылықтар болған. Әскери қызметшілердің қауіпсіздігіне қатысты талаптар бұзылған. Бес лауазымды тұлға қамауға алынды. Қолбасшылық құрамның әрекетіне қатысты тергеу жалғасып жатыр. Комиссия жұмысы әлі аяқталған жоқ. Жиында қазіргі заманның сын-қатерлеріне қарсы тиімді әрекет ететін жаңа тұрпатты армия қалыптастыру қажеттігіне баса мән берілді. Комиссия жұмысы жалғасып жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы