Басты Жаңалықтар Astana AI Film Festival байқауының жеңімпаздары анықталды

Astana AI Film Festival байқауының жеңімпаздары анықталды

Астанада Astana AI Film Festival халықаралық байқауының жеңімпаздары анықталды. Биыл фестивалге 125 елден 8 мыңнан астам өтінім түскен. Оның ішінде Қазақстаннан 829 фильм ұсынылып, еліміз өтінім саны бойынша екінші орынға шықты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауға түскен туындылардың жалпы ұзақтығы 80 мың минуттан асады. Сонда барлық фильмді үздіксіз көріп шығу үшін  55 тәулік қажет болар еді.  Сол мыңдаған жұмыстың арасынан финалға небәрі 25 фильм өтті. Олардың екеуі – қазақстандық авторлардың жұмыстары.

Жұмахан Мырзахан, «Ең жақсы кейіпкер» номинациясының жеңімпазы:

Менің фильмім ағылшынша айтқанда It was just a joke. Қазақшасы «Бұл жай ғана қалжын болған». Ол фильм ит және оның егесінің інісі туралы. Үйге қонақ боп келеді. Жай ғана қалжыңнан басталады. Арты ойыннан от шығады демекші, соңы соғысқа айналып кетеді. Соңында үйді өртеуге шейін барады. Комедиялық жанр. Бастан-аяқ жасанды интеллектпен жасалды.

Биыл авторлар фильмдерін жасау кезінде 80-нен астам генеративті жасанды интеллект моделін пайдаланған. Ал жұмыстар 19 жанр бойынша ұсынылған. Фестивальдің жүлде қоры да аз емес – 2 миллион доллар. Оның 750 мың доллары жеңімпаздарға жүлде ретінде беріледі. Бас жүлде – 450 мың доллар. Ал қалғаны AI-командаларға инвестиция ретінде бағытталады. Яғни фестивальдің мақсаты – тек үздік фильмді анықтау емес, Қазақстанда жасанды интеллект  көмегімен жасалған кино өндірісті дамыту. Финалистердің фильмдері осы күндері елдегі кинотеатрларла үлкен экраннан көрсетіліп жатыр.

Ли Шунг,  Креатор:

Бұл бұрын-соңды болмаған жанр. Бізге ешқандай актер қажет емес. Бәрін жасанды интеллект арқылы жасаймыз. Бірде-бір актер жоқ. Тіпті монтаждың өзін жасанды интеллект жасап береді. 

Якубо Занетти,  «Үздік оқиға» номинациясының жеңімпазы:

Фильм түсіру арманым еді. Бірақ оған көп қаржы керек. Актер, режиссер табу керек екені және бар. Бірақ жасанды интеллектінің арқасында мұның бәрі енді қажет емес. Жақсы идеяң болса жетеді. Технологияның тілін меңгеріп алсаң, тез-ақ жасап шығуға болады. Міне, бүгінгі марапатым соның дәлелі.


Бөлісу