Басты Жаңалықтар Меруерт Өтекешованың 75 жылдығына арналған халықаралық театр фестивалі басталды

Меруерт Өтекешованың 75 жылдығына арналған халықаралық театр фестивалі басталды

Меруерт Өтекешованың 75 жылдығына арналған халықаралық театр фестивалі басталды

Астанада театр және кино актрисасы, Қазақстанның халық әртісі Меруерт Өтекешованың 75 жылдығына арналған «TEATR ALL» IV халықаралық театр фестивалі басталды.

Фестивальдің ашылуында Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевтың құттықтау хаты оқылып, актрисаның қазақ өнеріне сіңірген көпжылдық еңбегі атап өтілді.

Кеш барысында Меруерт Өтекешова шығармашылық жолы мен өнердегі ұстаздары туралы айтып, Мұхтар Әуезов атындағы театрда 50 жылдан астам еңбек еткен жылдарын еске алды.

Фестиваль аясында Ғабит Мүсірепов пен Евгений Брусиловскийдің «Қыз Жібек» этно-фольклорлық мюзиклі сахналанды. Қойылымды режиссер Асхат Маемиров қойды.

Сондай-ақ көрермен назарына Мұхтар Әуезов атындағы Ұлттық драма театры музейінің қорынан әзірленген «Сұлулық пен сырлы өнердің символы» көрмесі ұсынылды.

Халықаралық фестиваль 7 қазанға дейін жалғасады. Өнер мерекесіне Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан және Қазақстанның театр ұжымдары қатысып жатыр.

Бөлісу