Астанада ЖИ көмегімен жасалған фильмдер фестивалі өтіп жатыр
Astana AI Film Festival 2026 байқауына әлемнің 125 елінен 8 мыңнан астам өтінім түскен. Соның ішінен 25 фильм финалға жолдама алды. Олардың арасында қазақстандық екі автордың жұмысы бар.
Байқауда 19 жанрдағы, 80-нен астам генеративті ЖИ моделінің көмегімен жасалған фильмдер ұсынылған. Өтінімдердің ең көбі АҚШ, Қазақстан, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Кореядан түскен.
Фестивальдің жалпы қоры – 2 млн доллар. Оның 1 млн доллары жеңімпаздарға жүлде ретінде берілсе, тағы 1 млн доллары перспективалы AI-командаларды дамытуға инвестиция ретінде бағытталады.
Финалистердің фильмдері 2 және 3 қазанда Астанадағы MEGA Silk Way сауда орталығындағы Chaplin кинотеатрында үлкен экраннан көрсетіледі.
Astana AI Film Festival жеңімпаздары 3 қазанда анықталады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Халықтық құрылыс өңірлердің өркендеуіне серпін бермек
22.11.2026, 10:03
Құрылтай бірқатар маңызды заң жобасын қарап жатыр
22.11.2026, 10:00
Таразда бес елдің дизайнерлері қатысатын халықаралық сән фестивалі өтіп жатыр
21.11.2026, 14:44
Талдықорғанда Креативті орталық ашылып, жаңа музей салынады
21.11.2026, 11:24
101 мектептің құрылысы жүріп жатыр
20.11.2026, 20:32
Өнерге әркімнің-ақ бар таласы
20.11.2026, 20:30
Отбасы құндылығын нығайту – ортақ міндет
20.11.2026, 20:26
Көгілдір отын ауыл халқының тірлігін жеңілдетті
20.11.2026, 20:25