Астаналық педагог Қазақстанның ең үлкен картасын жасады
Қазақстанның алып картасы жасалды. Астаналық ұстаз шәкірттерімен бірге картаны бес айда кәдімгі жүннен жасап шықты. Қолөнер туындысында еліміздің әр өңірі айшықталып, киіздің шеті ұлттық оюмен көмкерілген. GBR Global Best of Records ұйымына ұсынылған ерекше дүниені көрермен 29 қазанда Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында тамашалай алады.
Ләззат Аттыбай ,№78 мектеп-гимназиясының көркем еңбек пәнінің мұғалімі, жоба авторы:
Ойыма қазақтың киелі текемет, киіздің төресі деген бір ой келе қалды. Сол кезде осы балаларға Қазақстан картасын жасауға былтырғы жылы жобалап едік. Соны бүгін, міне, сәті түсіп, соңғы күні бітіріп жатырмыз. «Жүннен өрілген Қазақстан» деген тақырып қойдық. Бастаған кезде ойымыз әлемдік рекордқа қатысу емес болатын. Содан кейін 7×4 - бұл үлкен карта біздің Қазақстанның. Бұл жерде бізге 10 килограмнан астам жүн кетті. Астына мата қойдық, матаның үстіне инемен піспектеп, жүнді ұрып, Қазақстанның картасын суреттедік.
Еркеназ Қауқабаева, №78 мектеп-гимназиясының оқушысы:
Жүнді түтіп, әдемілеп инемен ұрамыз. Осы картаны жасауға бізге 5 айдай уақыт кетті. Осы қолөнер - біздің ұлттық құндылықтарымыздың бірі. Ал біз өз ұлттық құндылықтарымызды ұмытпауымыз керек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Аi-Sana бағдарламасы аясында 22 мыңнан астам жоба әзірленді
02.10.2026, 21:08
Жасанды интеллект кинофестивалінің қорытынды кезеңі басталды
02.10.2026, 20:33
Қорғалжынның 200-ге жуық тұрғыны экологиялық акцияға қатысты
02.10.2026, 20:32
Еңбек ері Зылиха Тамшыбаеваның 90 жылдығы атап өтілді
02.10.2026, 20:29
Ұстаздық еткен әулеттің еңбек өтілі 2 ғасырға жуықтайды
02.10.2026, 20:26
Сүт безі обырының алдын алуға бағытталған акция басталды
02.10.2026, 20:25
Вице-Премьер Қанат Бозымбаев Атыраудағы коммуналдық нысандардың жай-күйімен танысты
02.10.2026, 20:24
Ертіс өзенінен өтетін көпір құрылысы басталды
02.10.2026, 20:22