Сүт безі обырының алдын алуға бағытталған акция басталды
Елімізде 40-76 жас аралығындағы әйелдер тегін скринингтен өте алады. Барлық өңірде сүт безі обыры туралы ақпарат тарату айлығы басталды. Науқан «Әділет» партиясының Әйелдер қанатының қолдауымен өтуде. Шара аясында дәрігерлермен кездесулер, дәрістер, подкасттар мен серуендер ұйымдастырылады. Медициналық тексеруден өту үшін тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгіну жеткілікті. Бұл қызметтер МӘМС мәртебесіне қарамастан қолжетімді.
Шолпан Каринова: Құрылтай депутаты, «Әділет» партиясы әйелдер қанатының жетекшісі:
Тек бір айлықтың көлемінде тоқталып қалмайды. Біздің негізгі мақсатымыз - партия ретінде неғұрлым көп әйелдер мен қыздарға сүт безі обырының алдын алу, профилактикасы, оны ерте анықтау және ерте емдеу жөніндегі мәселелер бойынша ақпарат жеткізу.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Халықтық құрылыс өңірлердің өркендеуіне серпін бермек
22.11.2026, 10:03
Құрылтай бірқатар маңызды заң жобасын қарап жатыр
22.11.2026, 10:00
Таразда бес елдің дизайнерлері қатысатын халықаралық сән фестивалі өтіп жатыр
21.11.2026, 14:44
Талдықорғанда Креативті орталық ашылып, жаңа музей салынады
21.11.2026, 11:24
101 мектептің құрылысы жүріп жатыр
20.11.2026, 20:32
Өнерге әркімнің-ақ бар таласы
20.11.2026, 20:30
Отбасы құндылығын нығайту – ортақ міндет
20.11.2026, 20:26
Көгілдір отын ауыл халқының тірлігін жеңілдетті
20.11.2026, 20:25