Ертіс өзенінен өтетін көпір құрылысы басталды
Өскеменде Ертіс өзенінің үстінен тағы бір көпір салынады. Бүгінде қаланың оң және сол жағалауын қосатын стратегиялық нысанның алғашқы қадасы қағылды. Алты жолақты алып көпір 2029 пайдалануға берілмек.
Жаңа көпір Серікбаев көшесі мен қаланың батыс бөлігін қосады. Пайдалануға берілген соң тәулігіне 80 мың автокөлік өтеді деген болжам бар. Оның ұзындығы – 840, ал ені – 40 метр болады.
Майдан Мыңбаев, жол құрылысының ардагері:
Басталғалы жатыр ғой, бұл көптен күткені халықтың. Әбден шаршатты да, бір көпір ғана болды. Енді осы көпірді салса, үлкен сұрақтар шешіледі деп ойлаймын.
Көпірді салуға республикалық бюджеттен 101 миллиардтан астам теңге бөлінді. Бас-аяғы екі жылға созылатын алып нысанды шығыстың өз құрылысшылары салады.
Нығматолла Әбділхақов, «ОблШығыс жол» ЖШС директорының орынбасары:
Әр бағыт бойынша үш жарым метр сайын бекіткіштер орнатылады. Көпірдің екі қапталында жаяу жүргіншілер және велосипед жолы да салынады. Көп қиындық болмайды деп ойлаймын. Өйткені бұған дейін біз Бұқтырма су қоймасына да көпір салдық.
Құрылыстың жобасы бойынша көпірге дейін және одан кейін екі шақырымнан асатын кірме жол да салынады. Көпір аумағында қызметтік-техникалық және күзет бекеті болады.
Нұрымбет Сақтағанов, ШҚО әкімі:
Мемлекет басшысы Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің көлік инфрақұрылымдық әлеуетін арттыру тұрғындарға қауіпсіз орта қалыптастыру аясында тапсырмалар беріп, міндеттер жүктеп отыр. Осы тапсырмалар аясында біздің облысымызда бүгінгі күні бірнеше ірі-ірі жобалар маңызды жобалар іске асырылуда. Бұл қаламыздың басқа ауданындағы Қазақстан көпірінің үстінен өтетін ауыртпашылықты азайтады.
Қазір Өскемендегі Ертіс пен
Үлбі өзендеріндегі ескі көпірден тәулігіне 70 мыңға жуық көлік
өтеді. Әсіресе таңертең, кешке кептеліс
болады. Сондықтан жаңа көпір нөпірді азайту үшін салынады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы