Басты Жаңалықтар Тау туризміне қызығушылық артты

Тау туризміне қызығушылық артты

Алматының әсем табиғаты мен асқақ тауы туристердің жыл сайын қызығушылығын арттырып келеді. Жыл басынан бері Іле-Алатауы ұлттық паркіне 1 миллион 300 мыңнан астам адам барған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 93 пайызға көп.

Қазір шаһардың тау туризмін жаңа деңгейге көтеру үшін Almaty SuperSki жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл - тауда жыл он екі ай демалуға мүмкіндік беретін ірі жоба. Көкжайлау шатқалында орналасатын курортта шамамен 60 шақырым шаңғы трассасы, 11 аспалы жол салынады. Трассалардың басым бөлігі балаларға, отбасыларға және тауға шығуды енді бастағандарға арналмақ. Қыста шаңғы мен сноуборд, жазда треккинг, тау велосипеді және спорттық шаралар ұйымдастырылады. Ал бүгінде Алматы тауларында туристерге арналған 850 шақырымға жуық, 100-ге тарта бағыт абаттандырылған. Жол белгілері, демалыс орындары және кез келген ауа райында аялдауға болатын 16 кемпинг аймағы бар. 

Биыл тағы 350 шақырым тау бағытын ретке келтіру жоспарланған.

Бөлісу