Азиада: Спортшылар 13 медаль жеңіп алды
Бүгін Жапония төрінде Қазақстан Әнұраны 3 рет шырқалды. Иә, Ұлттық құрама үшін Азияданың 13-күні табысты болды. Сәйкесінше, қоржынға да 13 медаль түсті. Боксшыларымыз араға 12 жыл салып қос алтынды қанжығасына байлады. Сары құрлық бәсекесінің ортасында жүрген Ұлттық арна тілшісі Асылбек Данияр жеңісті сәттерге шолу жасайды.
Асылбек Данияр, тілші:
Медаль жауған күн. Араға 5 күн салып, Ұлттық құрама жалпыкомандалық кестедегі орнын жоғарыға көтерді. Спортшылардың жеңісі жанкүйерлерді бір серпілтіп тастағандай болды.
Былғары қолғап шеберлері 2014 жылғы Азия ойындарынан кейін 2 алтын медаль еншілеп, үздік үштікке енді. Алғашқысына - 70 келідегі Әлем чемипоны - Төрехан Сабырхан ие болды. Финалда Йорданиялық спортшыны айқын басымдықпен жеңді.
Бокс бәсекесінің нүктесін қойған жекпе-жекте аса ауыр салмақтағы Айбек Оралбай да командаласының жеңісті жолын қайталады. Өзбек боксшысын қапы қалдырды. Осылайша, 5 спортшымыз үйіне жүлдемен оралмақ.
Азиада бағдарламасына бірінші рет енген виртуалды таэквондодан Рита Бакишева қола жеңіп алды. Ал дәстүрлі түрінен Тамирлан Тілеулес құрлықтық додада чемпион атанған тұңғыш қазақ таеквондошы атанды. Бұл тарихи оқиға! Сондай-ақ командаласы Батырхан Төлеуғали үшінші орыннан көрінді.
Тамерлан Тілеулес, таэквондодан Азия ойындарының чемпионы:
Тағы да көп мақсатымыз көп. Әлем чемпионаты, Олимпиада бар бізде. Сондықтан осымен тоқтамаймыз. Бұйыртса, әрі қарай бұдан да жақсы жетістік болады. Бәрін құлатамыз, жеңеміз. Қазақстан Туын желбіретейік.
Сонымен бірге еркін және әйелдер күресінен сынға түскен балуандарымыз 1 күміс пен 3 қолаға ие болды. Татамиге шыққан 5 дюздошының ішінен Екатерина Токарева ғана жүлдеге ілікті. Джиу-джитсудан Сейілхан Болатбек те үшінші орыннан көрінді. Жарыстың басында тасжолдағы вело жарыстан чемпион атанған Рината Сұлтанова велотректе күміс еншіледі. Теннистен жұптық сайыстың жартылай финалында Тайпэй қыздарынан жеңілген Юлия Путинцева мен Анна Данилина қоланы қанағат етті.
Асылбек Данияр, тілші:
Ертең Ұлттық құрама соңғы жүлделерді сарапқа салады. Су добынан ерлер құрамасы Жапония жігіттерімен алтын үшін таласады. Чемпиондыққа таеквондошылар, дзюдошылар мен гимнастар, джуи-джитсу шеберлер және бауландар да үмітті. Отандастарымызға бірге жанкүйер болайық.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы