Вице-Президент Ерлан Қарин Ватикан делегациясымен II бірлескен коллоквиумның ашылуына қатысты
Қазақстан Республикасының Вице-Президенті – Әлемдік
және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының басшысы Ерлан Қарин Қасиетті
Тақтың Дінаралық диалог жөніндегі дикастериясының префекті, кардинал Джордж
Джейкоб Кувакадпен кездесті. Кездесуде Съезд аясындағы бірлескен гуманитарлық
бастамаларды жүзеге асыру жайы талқыланды. Кардинал Джордж Кувакад Президент
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Рим Папасы ХІV Леоның жолдаған сәлемін және Қазақстан
халқына арнаған ізгі тілегін жеткізді. Кездесу соңында Ерлан Қарин мен кардинал
Джордж Кувакад ауыр әрі жазылмайтын дертке шалдыққан балалардың өмірі мен
қадір-қасиетін қорғауға арналған II бірлескен коллоквиумның ашылу рәсіміне
қатысты. Вице-Президент Ерлан Қарин дінаралық диалог нақты гуманитарлық
нәтижелерге бағытталуға тиіс деді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт
Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асып жатқан реформаларға тоқталды. Оның
айтуынша, балалардың, әсіресе, әлеуметтік тұрғыдан ең осал топтағы балалардың
құқықтары мен мүдделерін қорғау мемлекеттік саясаттағы маңызды басымдықтың бірі
саналады. Коллоквиумға қатысушылар Қазақстан мен Ватиканның бірлескен бастамасы -
жазылмайтын дертке шалдыққан балалардың құқықтары туралы хартия жобасын
талқылады. Ерлан Қарин құжатты әзірлеуге қосқан үлесі үшін Дикастерия мен «Бамбино
Джезу» госпиталіне алғыс айтты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы