Басты Жаңалықтар Қазақстандық оқушылар жасаған шағын спутник ғарышқа ұшты

Қазақстандық оқушылар жасаған шағын спутник ғарышқа ұшты

Қазақстандық оқушылардың жер серігі алғаш рет SpaceX зымыранымен ғарышқа ұшты.

Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары жасаған NIS PocketQube пикоспутнигі Илон Маск құрған SpaceX компаниясының Falcon 9 зымыранымен ғарышқа жол тартты. Зымыран Калифорниядағы АҚШ Ғарыш күштерінің Ванденберг базасынан ұшырылды. Көлемі небәрі 5×5×5 сантиметр, салмағы 250 грамм. Бұл спутник басқару, электрмен жабдықтау және радиобайланыс жүйелерімен, сондай-ақ күн панельдерімен жабдықталған. Оны жасауға 17 оқушы қатысты. Олар аппараттың 3D моделін әзірлеп, ішкі құрылымын есептеп, электронды платалар мен компоненттерді жинақтаған.

Оралбек Бидайбеков, физика зертханасының меңгерушісі:

Осы кезге дейін спутникті 2 жылда құрастырған болса, ал оны күту, кезекке тұру уақыты 3 жыл болды. Біз бұл программа іске аспайды деп ойладық. Екі жыл. Бірақ та біз үміт үзбедік. Біздің оқушылардыкүтеміз, біздің спутник ұшуы керек деген ниет болды.

Наджмудин Адиханов, оқушы:

Біз Қазақстан Ғарыш сапары орталығымен ынтымақтастық аясында олардың қызметкерлерімен, профессорларымен жұмыс істедік. Өте көп сабақ  өткіздік. Жалпы, электронды жобалау, 3D жобалауды үйрендік.  Осы спутникті жасаудың ең үлкен қиындығы - оны жобалау, оның моделін жасау және өте көп аспектілерді бөлу.  


Бөлісу