Дима Әл-Яхъя: Қазақстанның цифрлық тәжірибесі өзге елдерге үлгі
Қазақстанның цифрлық трансформациясы халықаралық сарапшылардың да назарында. Елде жасанды интеллектіні дамыту, цифрлық инфрақұрылымды жетілдіру және адами капиталды күшейту бағытында ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр.
Бүгінде Қазақстанның цифрлық әлеуетін халықаралық деңгейде ілгерілетуге мүмкіндік мол. Мамандар елдің озық тәжірибесі мен технологиялық шешімдері өзге мемлекеттер үшін де үлгі бола алатынын айтады. Арнамызға эксклюзив сұхбат берген Цифрлық Ынтымақтастық Ұйымының Бас хатшысы Дима Әл-Яхъя Қазақстанның ұйымға қосылуы елдің цифрлық даму қарқынын жеделдетуге жаңа мүмкіндік беретінін атап өтті.
Ақмаржан Ғафизқызы, тілші:
Әл-Яхъя ханым, бізге сұхбат беруге уақыт бөлгеніңізге рақмет. Қазақстан Цифрлық ынтымақтастық ұйымына қосылуға кандидат ел ретінде мақұлданғаны мәлім. ЦЫҰ-ға мүшелік жасанды интеллект, цифрлық инвестиция және стартаптар бағытында елімізге қандай мүмкіндіктерге жол ашылады?
Дима Әл-Яхъя, Цифрлық ынтымақтастық ұйымның бас хатшысы:
Қазақстанның Цифрлық ынтымақтастық ұйымына қосылуы бізді қуантары анық. Біз осы тұрғыда Қазақстанның қазіргі трансформация үдерісін жеделдетуге өз үлесімізді қосамыз. Әр елдің бәсекелік тұрғыдан өзіндік артықшылығы бар. Сондықтан Қазақстанның озық тәжірибесін басқа елдерге ұсынып, тәжірибе алмасамыз. Бұл жемісті жұмыс боларына сенемін. Жалпы, жасанды интеллектіні енгізу еңбек өнімділігін, ашықтықты арттырып, өмір сапасын жақсартуға және бизнесті дамытуға жеңілдетуге мүмкіндік береді. Алайда оны қолдануда қауіпсіздік мәселесі назардан тыс қалмауы тиіс. Сондықтан мемлекет пен жеке сектор өкілдері жаңашылдыққа жол ашып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тиімді саясат пен реттеу тетіктерін бірлесе әзірлеуі қажет.
Автор
Ақмаржан Ғафизқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлемдік додада топ жарған спортшылар елге оралды
17.10.2026, 12:41
«Таза Қазақстан»: төрт өңірде 150 тоннадан астам қоқыс жиналды
17.10.2026, 10:34
«Әділет» партиясында агроөнеркәсіп саласының өзекті мәселелері талқыланды
17.10.2026, 10:29
Президент: Жұрт нақты нәтиже күтеді
16.10.2026, 22:02
ТШО 30 жылдан бері жергілікті компаниялардың тауары мен қызметіне 52 млрд доллар жұмсаған
16.10.2026, 20:14
Қазақстан Халық Кеңесі – қоғамдық ұсыныстарды талқылаудың жаңа тетігі
16.10.2026, 20:13
Шағын және орта бизнестен жұмыс тапқандар көбейді
16.10.2026, 20:12
«Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтарының жеңімпаздары анықталды
16.10.2026, 20:12