Басты Жаңалықтар AI & Digital bridge форумына 100-ден астам компания қатысуда

AI & Digital bridge форумына 100-ден астам компания қатысуда

Астанада AI & Digital Bridge форумы өтіп жатыр. Бұл -  жасанды интеллект пен цифрлық технологияны таныстырып қана қоймай, жаңа жобалар мен бизнеске жол ашатын алаң. Биыл шараға 100-ден астам компания келіп, өз өнімдерін таныстыруда. Ал қатысушылардың саны 30 мыңнан асты. Сонымен қанша компаниямен келісімшарт жасалды? Самал Қабышева баяндайды.

Самал Қабышева, тілші:

Робот такси. Жасанды интеллектінің көмегімен басқарылатын көлік. Басты ерекшелігі - төбесінде және екі бүйіріне орнатылған осы құрылғыларда. Қандай да бір кедергіні алдынан және жанынан алдын ала бақылап отырады.

Димаш Зиядин, Yandex Qazaqstan компаниясының PR маманы:

Келесі жылы көпшілікке қолжетімді болады деп отырмыз. Әзірге біз Алматыда карта сызушы көлікті жолға шығардық. Ол карта сызушы көлік қаланың көшелерін аралап, толық картасын сызады. Сол картаны мына роботаксилер жолға шыққан кезде адам таситын сол карталарды қолданып отырады.

Самал Қабышева, тілші:

Дәл осы құрылғы болса болды, Қазақстанның кез келген жерінде интернет бар. Қандай да бір компанияның мұнара орнатуы қажет емес. Дәл осы құрылғыны қоясыз, өзіңіз қалаған жерде, тіпті тау-таста жүрсеңіз де, байланыс мүлдем жоқ жерге осы модемді қойсаңыз болды, сіз байланыста боласыз. 

Қуат Мамырханұлы, «Beeline Қазақстан» компаниясының спутниктік бизнесі жөніндегі жетекшісі:

Тек ғана бизнеске ғана емес, мектептерге, алыс аймақта орналастырылған өндірстерге бұл өте тиімді.   

Самал Қабышева, тілші:

Адаммен теннис ойнап жатқан  робот. Енді Қазақстанда біздің елімізде осындай роботтар шығарылады. Бастысы тапсырыс болса болғаны, үй жұмысын істейтін роботтарды дайындап шығаруға әзірміз дейді.  Астанада өтіп жатқан AI & Digital Bridge форумы осындай заманауи үлгідегі түрлі технологиямен стартап жобалар келушілер назарына ұсынылуда. 100-ден астам комапния қатысып жатыр. 

Досжан Мұсалиев, ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі:

Бұл шараға 30 мыңнан аса қатысушылар келіп жатыр. Өздеріңіз көріп отырсыздар, қаншама адам екенін. 300-ден аса спикер бар. Олар әртүрлі елдерден келген. Компанялар әртүрлі, әр саладан бар. Медицина, білім беру саласында,  байланыс саласында дегендей. Бүгінге қойылған меморандум саны 30-дан асады. Тағы да келіп жатыр.

Ли Сяньдун, турист:

Мен Қытайдан Қазақстанға осы форумды көру үшін арнайы келдім. Digital Bridge  форумында заманауи соңғы үлгідегі керемет жобалар таныстырылады. Қазір жасанды интеллект қатты дамып жатыр. Сол технологияның жаңалығымен танысу үшін арнайы келдік.

Самал Қабышева, тілші:

ЕХРО халықаралық көрме орталығында өтіп жатқан форум ертең де жалғасады. Келемін, көремін дегендер экранда көрсетілген сайтқа тіркелуі қажет. Бірақ бұл жай ғана көріп кетеетін көрме емес, бұл жерде нақты стартап жобалар жүзеге асады. Бизнестің дамыуына тікелей ықпал етеді. Яғни, кәсібін бастаймын деп жүргендер үшін бұл алаң таптырмайтын мекен. 


Бөлісу