Басты Жаңалықтар «Қарқынды құрылыс»: Қазақстанның жаңа әуе қақпалары

«Қарқынды құрылыс»: Қазақстанның жаңа әуе қақпалары

Шығыс Қазақстан облысындағы Зайсан әуежайы қаладан 25 шақырым қашықтағы бұрынғы әскери аэродром аумағында салынып жатыр. Мұнда ұшақтардың ұшып-қонуына қолайлы жағдай жасалған және қажетті инфрақұрылым да қалыптасқан.   Сондай-ақ  болашақта әуе айлағын кеңейтуге мүмкіндік мол.

5332452608569975978.jpg

Қазіргі таңда нысанның дайындық деңгейі 93,7%-ды құрайды. Бүгінде ұзындығы 2200 метр болатын ұшу-қону жолағы, перрон, рульдеу жолы және дренаж жүйесінің құрылысы аяқталған.

5332452608569975976.jpg

Әуежай бастапқы кезде шағын және орта жолаушылар ұшақтарына қызмет көрсетеді. Ұшу-қону жолағы ұзартылғаннан кейін 230 адам тасымалдайтын Airbus A320, Boeing 737 әуе кемесін қабылдау мүмкіндігі қарастырылады.  Нысанда алғашқы техникалық рейсті қазан айында орындау көзделіп отыр. Алдағы уақытта Зайсаннан Өскемен, Астана және Алматы қалаларына, сондай-ақ халықаралық  әуе рейстерін ашу жоспарланған.

Ермек Қорабаев, «Зайсан» ауданы әкімінің орынбасары:

Жылына 90-ға, 100-ге жуық турсит келеді. Қытайдан келіп, аралап экскурсия жасайды. Бұл аэропорттан Өскемен, Астана және Алматы қалаларына ұшады. Біз шекаралас аудан болғаннан кейін Қытайдағы Жеменейге де, Үрімшіге де рейстер болады деп жоспарлап отырмыз.

Катонқарағайдағы әуежай құрылысы  75%-ға аяқталды. Жыл соңына дейін алғашқы ұшақтарды қабылдау жоспарланған.

5332280758338527659.jpg

Құрылысқа 100-ден аса техника мен 300-ден аса маман жұмылдырылған. Әуежай іске қосылғанда шамамен 120 адам  жұмыспен қамтылады, оның жартысына жуығы – жергілікті тұрғындар. Қазір 14 маман арнайы даярлықтан өтіп жатыр.

Жәнібек Қызыров,   Катон –Қарағай ауданының тұрғыны:

Қуанышымыз кеудемізге сыймай тұр. Осыдан 5 жыл бұрын Катон-Қарағай қайта түлейді десе біз сенбес едік. Ал бүгінгі соның барлығын жоққа шығырп, мына секілді аэропорт салынып, бір жұманың ішінде Катон-Қарағайдың әрбір бұрышында жаңадан үйлері салынып, ауылымыз көркейіп, түлеп жатыр.

Катонқарағайға келетін туристер саны жыл сайын артып келеді.  2024 жылы ауданға 150 мыңға, 2025 жылы 200 мыңға жуық турист келген. Биыл бұл көрсеткіш 250 мыңға жетуі мүмкін.

5332452608569975979.jpg

Маңғыстау облысының оңтүстігінде, Жаңаөзеннен 60 шақырым жерде Кендірлі әуежайы бой көтеріп жатыр. Ұшу-қону жолағының ұзындығы 2200, ені 35 метр. Әуежай сағатына 150 жолаушыға қызмет көрсете алады.

Қазіргі есеп бойынша жолдардың 80%-ы, перронның 60%-ы және ұшу-қону жолағының 70%-ы салынған. Сыртқы инженерлік желілер бойынша жұмыстардың 95%-ы аяқталған. Ал жалпы құрылыс жұмыстарының 49%-ы орындалды. Бүгінде құрылыс алаңында 350-ге жуық адам және 130-дан аса техника жұмыс істеп жатыр.

5332452608569975980.jpg

Олжас Күнтубаев, учаске басшысы:  

Аэровокзал ғимараты екі қабаттан тұрады. Жұмыскерлердің жұмыс орны болады бұл жер. Ал адамдарды күтіп-шығарып салу бірінші қабатта болады. Зауыттар асфальт және бетон зауыттарымыз  тоқтамай 24 сағат жұмыс істеп жатыр. Шикізат Ақтау қаласынан тасымалданады.

5332452608569975977.jpg

Кендірлі әуежайының іске қосылуы туристердің Ақтау арқылы 200 шақырымнан астам жол жүруіне кететін уақытын үнемдейді. Бұл курорттық аймақтың көлік қолжетімділігін арттырып, туризм мен жергілікті бизнестің дамуына оң ықпал етеді. Нысанды 2026 жылдың IV тоқсанында пайдалануға беру көзделіп отыр.

Қостанай облысындағы Арқалықта  33 жылдан кейін әуе қатынасы қайта жанданды. Нысанға халықаралық  халықаралық IATA коды берілді. 3 әріптік коды әуе билеттерін брондау және халықаралық авиациялық жүйелерде пайдалануға мүмкіндік береді. Бүгінде жаңғыртылған әуежайдан аптасына екі рет Астана, Алматы, Қостанай қалаларына қатынауға болады. Билет құны 10 мың теңгеден басталады.

Әуежайдың ұшу-қону жолағының ені 45 метр, перронда бір уақытта екі ұшақты қабылдауға мүмкіндік бар.

Жаслан Ысқақов, әуежай филиалының директоры:

Мұнда бізде үш тіркеу аймағы бар. Касса бар, анықтама бюросы және ұшы келу залы бар. Сондай-ақ санитарлық авиация келеді. Кеше ған кішкентай баланы Астанаға алып кетті.

Құрылыс жұмыстарына 600-ге жуық жұмысшы мен 130-дан аса техника жұмылдырылған. Бас ғимарат, қазандық, диспетчерлік мұнара сияқты 8 ірі нысан салынып, 150 мың шаршы метрден астам ұшу-қону алаңының беткі қабаты толық жаңартылған. Сонымен қатар төтенше жағдайлар тікұшақтары қонатын арнайы ангар салынған. Диспетчерлік орталықтың құрылысы да  аяқталуға жақын. Оған құны 7,5 млрд теңге болатын заманауи навигациялық жабдықтар орнату жоспарланған.

Бөлісу