Басты Жаңалықтар NVIDIA Қазақстандағы AI инфрақұрылымын дамытуға қатысады

NVIDIA Қазақстандағы AI инфрақұрылымын дамытуға қатысады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев NVIDIA компаниясының вице-президенті Рев Лебаредянмен кездесті. Кездесуде жасанды интеллект, цифрлық технологиялар және есептеу инфрақұрылымын дамыту мәселелері талқыланды. Қазақстанда NVIDIA технологиялары негізінде екі суперкомпьютер кластері іске қосылған.  Кездесуде Екібастұзда «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы» жобасын жүзеге асыруға баса мән берілді. Жоба қуаттылығы шамамен 30 МВт болатын есептеу инфрақұрылымын қалыптастыруды көздейді. Кейін оның көлемін 1 ГВт-қа дейін арттыру жоспарланған. Рев Лебаредян Қазақстандағы жасанды интеллект инфрақұрылымының дамуын жоғары бағалап, жобаға қатысуға ниетті екенін жеткізді.

Бөлісу