Президент General Atlantic компаниясының төрағасымен кездесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Дженерал Атлантик» компаниясының төрағасы әрі бас директоры Уильям Фордпен кездесті. Тараптар инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, технология секторын дамыту және жасанды интеллект экожүйесін қалыптастыру мәселелерін талқылады. Президент цифрлық трансформация мен жасанды интеллектіні ел дамуының стратегиялық бағыттарының бірі ретінде атап өтті. Қазақстанда бұл бағытта «Астана Хаб», Alem.ai және «Qazaq AI Рисерч Юниверсити» секілді жаңа технологиялық орталықтар қалыптасып келеді. Ал «Дженерал Атлантик» компаниясы қаржы технологиясы, бағдарламалық жасақтама, жасанды интеллект және цифрлық инфрақұрылым салаларына инвестиция салу мүмкіндіктерін қарастырып жатыр. Сондай-ақ Екібастұздағы «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы» жобасына ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы