Басты Жаңалықтар Халық кеңесінің құрамы бекітілді

Халық кеңесінің құрамы бекітілді

Халық кеңесінің комитет төрағалары мен құрамы бекітілді. Қоғамдық бастамаларды дамыту комитетін Вера Ким, Қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік бағытын Марат Әзілханов басқарады. Ал Өңірлік даму және жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің жетекшісі болып Табиғат Зейнұлқабден тағайындалды. Алғашқы төралқа отырысын аша отырып, Ерлан Қошанов Мемлекет басшысының Халық Кеңесінің алдына қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға, қоғам мен мемлекет арасындағы диалогты күшейтуге бағытталған маңызды міндеттерді қойғанын атап өтті.

Ерлан Қошанов, Қазақстан Халық кеңесінің төрағасы:

Президентіміз Халық кеңесінің алдына маңызды міндеттер қойды. Қоғам мен мемлекеттің өзара байланысын жаңа белеске көтеру. Халық кеңесінің мәні де, тарихи миссиясы да осында. Ел Президенті айтқан осы міндеттерге біз нақты іспен нәтижелі жұмыспен жауап беруге тиіспіз.


Бөлісу