Басты Жаңалықтар Нетаньяху: Ұшақтағы оқиғаға Иранның қатысы бар деуге әлі ерте

Нетаньяху: Ұшақтағы оқиғаға Иранның қатысы бар деуге әлі ерте

Біріккен Араб Әмірліктері Дубайдан Тель-Авивке аттанған ұшақтағы төтенше жағдайдың себебі мен оның терроризмге қатысын анықтайтынын мәлімдеді. Ал Израиль әзірге Иранға кінә тағып отырған жоқ. Арыстан Рысбек жалғастырады.
Өткен тәулікте Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласынан Тель-Авивтің Бен Гурион әйежайына аттанған ұшақта бір пилот екіншісін пышақтап, лайнерді басып алуға әрекет жасады. Бұл оқиғаға Иранның қатысы бар деуге әлі ерте. Мұны Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мәлімдеді.
Биньямин Нетаньяху, Израиль премьер-министрі:
Әзірге мұндай қорытынды жасауға ерте. Қазір шабуыл жасаған пилот Сауд Арабиясында тергеліп жатыр. Ол Әмірліктерге жеткізіледі. Біз бұл тергеуді жіті қадағалап, оған өзіміз де қатысып қалуымыз мүмкін. Бәрін анықтаймыз.
Сәрсенбі күні Flydubai компаниясының ұшағы Дубай әуежайынан көкке көтерілгеннен кейін екі сағат өткенде 5200 метрге төмендеді. Жолаушылар мен экипаж мүшелері шабуылшыны дер кезінде сабасына түсіріп, әуе машинасын Саудияның Табук қаласының авиациялық портына аман қондырды. Жараланған пилот – Үндістан азаматы Смит Маччхар қазір ауруханада жатыр. Жағдайы қалыпты. Ұшақты істен шығаруға Янив Хаюн есімді жолаушы кедергі жасаған.
Янив Хаюан, FlyDubai әуе компаниясы рейсінің жолаушысы:
Әйелдердің бірі «Пышақтап жатыр!» деп айқайлады. Бәріміз жүгірдік. Пилоттар кабинасына кіріп, шабуылшыны сыртқа алып шықтым. Содан кейін штурвалды өзіме қарай тартып, ұшақтың төмендеуін тоқтаттым. Арттағы пилоттар келді... Мен мұның бәрін «Әуе апаттарын тергеу» бағдарламасынан білемін.
Жолаушы мен пилот жалпы алғанда 174 адамды ажалдан аман алып қалды. Оның 30-ы – балалар.

Бөлісу