Қазақстан мен Дания: Стратегиялық әріптестіктің жаңа бағыттары
Қазақстан мен Данияның инвестиция, агроөнеркәсіп, энергетика және заманауи технологиялар салаларында бірлескен жобаларды дамытуға мүмкіндігі мол.
Былтыр екі ел арасындағы тауар айналымы 19,7 млн АҚШ долларына жетіп, 43,9%-ға артты. Қос мемлекеттің экономикалық байланыстары жаңа бағыттар бойынша да дамып келеді. Мәселен, бүгін Алматы облысының Боралдай ауылында «Carlsberg Kazakhstan» компаниясының алкогольсіз сусындар өндіретін жаңа зауыты іске қосылды. Жобаға 344 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция салынған. Кәсіпорын жылына 1 млрд литр сусын өндіруге қауқарлы. Екі елдің сан түрлі саладағы бірлескен жобаларын іске асыру бағыттары Қонаев қаласында өткен «Қазақстан-Дания» бизнес-форумында талқыланды. Жиынға қатысқан Дания Корольдігінің Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссен Орталық Азия елдерімен, соның ішінде Қазақстанмен ынтымақтастықты дамыту маңызды міндеттерінің бірі екенін атап өтті. Алдағы уақытта стратегиялық әріптестік аясында білім беру мен кадр даярлау мәселесіне де басымдық берілмек.
Ардақ Зебешев, ҚР Сыртқы істер вице-министрі:
Біз Данияның университтерін де бізге келуге шақырдық. Себебі біздің мақсатымыз - тек технология мен қаражат тарту емес, сонымен бірге білімді де ұлғайту. Данияның белгілі университтері арқылы ары қарай да өзіміздің жастарды дұрыс білім беріп, келешек өндірістерге қызметкерлермен қамтамасыз етеміз.
Автор
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азиада: Ұлттық құрама жалпыкомандалық есепте 9-орында тұр
01.10.2026, 20:30
Спортшылар Азия ойындарынан жүлдемен оралды
01.10.2026, 20:30
NVIDIA Қазақстандағы AI инфрақұрылымын дамытуға қатысады
01.10.2026, 20:29
Әнші Sadraddin-нің концертіне 70 мың көрермен жиналды
01.10.2026, 20:29
Түркістан облысында қарияларға арналған 21 орталық жұмыс істеп тұр
01.10.2026, 20:28
Президент БАӘ делегациясын қабылдады
01.10.2026, 20:23
Президент AI & Digital Bridge 2026 форумында сөз сөйледі
01.10.2026, 20:09
Жаңа автокөлік өткелі пайдалануға берілді
01.10.2026, 20:08