Қазақстан мен Беларусь экономикалық серіктестікті кеңейтеді
Премьер-министр Олжас Бектенов Минскіде Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен кездесіп, екі ел арасындағы саяси және экономикалық байланысты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады. Ал Үкіметаралық келіссөздерде сауда, инвестиция, өнеркәсіптік кооперация және көлік-транзиттік ынтымақтастықтың келешегі сөз болды. Бүгінде қос мемлекет арасындағы өзара сауда көлемі де артып келеді. Былтыр тауар айналымы 1,2 миллиард долларға жуықтаса, биыл алғашқы 7 айда 723 миллион долларға жеткен. Тараптар машина жасау, ауыл шаруашылығы, логистика және цифрлық технологиялар бағытындағы бірлескен жобаларды кеңейтуге ниетті. Сапар қорытындысында Қазақстанның бірқатар өңірі мен Беларусь облыстары арасында ынтымақтастықты дамытуға бағытталған келісімдерге қол қойылды.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
Беларусь – Қазақстан үшін уақыт сынынан өткен сенімді серіктес. Бізді ұзақ жылғы ортақ тарихымыз, өзара құрмет, сондай-ақ Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Беларусь Президенті Александр Григорьевич Лукашенконың арасындағы үлкен сенім мен тұрақтылыққа негізделген қатынастарымыз байланыстырады. Біздің үкіметтеріміздің міндеті – көшбасшыларымыз арасындағы қол жеткізілген уағдаластықтарды қарқынды түрде жүзеге асыру. Бұл бағытта оң динамика бар
Александр Турчин, Беларусь Республикасының премьер-министрі:
Бүгінгі іздің кездесуіміз Беларусь елінің Қазақстан Республикасымен өзара тығыз әрі жылы шырайлы қарым-қатынастарды сақтауға айрықша мән беретінін көрсетеді. Үкіметтер деңгейіндегі байланыстардың жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтеміз. Бірлескен күш-жігердің нәтижесінде өзара сауда-саттықтың тұрақты өсімі байқалуда. Беларусь-Қазақстан үкіметаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссияның тиімді жұмысы экономикалық өзара іс-қимылдың оң серпінін қамтамасыз етіп отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы