Басты Жаңалықтар AI & Digital Bridge 2026 халықаралық IT форумы басталды

AI & Digital Bridge 2026 халықаралық IT форумы басталды

Астана үш күнде технология мен жасанды интеллект саласының халықаралық алаңына айналмақ.  Елордада AI & Digital Bridge 2026 форумы өтіп жатыр. Биылғы жиынның негізгі тақырыбы жасанды интеллект, инвестиция және цифрлық экономиканың келешегіне арналды. Форум жұмысына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы қатысты.

Шерхан Жамбылұлы, тілші:

Күні кеше қол жетпес қиял боп көрінген жасанды интеллект күнделікті өмірімізге дендеп еніп кетті. Телефондағы кеңесшінің ақылынсыз қадам аттамайтындар бар қазір. Ал мына роботтар да енді фантастика емес. Олар сөйлейді, қозғалады, айтқан тапсырманы орындайды. Астанаға жиналған әлемдік IT компаниялар мен инвесторлар осы технологиялардың келесі қадамын талқылап жатыр. Басты сауал біреу. Жасанды интеллект адам өмірін тағы қалай өзгертеді?

Арман Сүлейменов, IT кәсіпкер:

Баладжи Шринивасан, Кремний алқабының инвесторы:

Жасанды интеллектімен жұмыс істейтін роботтар мен дрондар өте жылдам дамып келеді. Енді олар құрылыс саласына кеңінен енуі мүмкін. Мысалы, жүргізушісіз көлік құрылыс алаңына материал жеткізеді. Ал роботтар мен дрондар дайын бөлшектерден үй құрастырады. Болашақта мұндай машиналар тұтас ауылдар мен қалаларды салуға қолданылуы ықтимал.

Үш күндік форумға 20 мыңнан астам сала өкілі мен жүзден аса технологиялық компания жиналған. Мемлекет басшысы техно әлемдегі елеулі оқиғаға арнайы ат басын бұрып, көпшілік назарына ұсынылған жобалармен танысты. Әуелі биыл ғана ашылған Qazaq AI Research University бастамалары баянадалды. Бұл Орталық Азиядағы тек жасанды интеллектіге бағытталған алғашқы университет. Қазір мұнда 528 студент білім алып жатыр. Олар оқуды тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік алған. Яғни ұлттық суперкомпьютерлер мен Alem.cloud секілді платформамен тікелей жұмыс істей алады.

Айдын Сабитов, Qairu ректорының кеңесшісі:

Ал мынау жасанды интеллект саласында әлемдегі ең қарқынды дамып келе жатқан Higgsfield компаниясы. Қазақстандық стартаптың нарықтық құны қазір 5,5 миллиард долларға жуықтаған. Жарнама мен кино, әлеуметтік желіге видео әзірлейтін алаңның қызметіне Голливудтық киноөндірушілер жиі жүгінеді.

Қазақстанда «Деректер орталықтарының алқабы» жобасы іске асырылып жатыр. Алғашқы кезеңде оның қуаты шамамен 300 мегаватт болады. Ал 2029 жылға дейін оны 1 гигаватқа дейін жеткізу жоспарланған. Осылайша Қазақстан жаһандық жасанды интеллект картасында орнын еселей түспек. Себебі бұл жоба ЖИ жүйелерін дамытуға және ірі көлемдегі деректерді өңдеу үшін ауадай қажет.

Бағдат Мусин, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы:

Жүз мегаваттық дата орталық 5 млрд доллар инвестиция.

Digital Bridge жеті жылда беделді халықаралық алаңға айналды. Осы уақытта форумға жүз шақты елден 130 мыңға жуық адам  қатысқан. Президент бастамасымен биылдан бастап форум атауына жасанды интеллект ұғымы қосылып отыр. Яғни негізгі бағыты да өзгеріп, жаңа заман технологияларын экономика мен күнделікті өмірге енгізуге басымдық беріліп келеді. Форум 3 қазанға дейін жалғасады. Алдағы екі күнде пікірталастар, стартаптар сайысы және халықаралық сарапшылардың кездесулері жоспарланған.

Бөлісу