Басты Жаңалықтар Қызылордада қатерлі ісікті жаңа аппаратпен емдейді

Қызылордада қатерлі ісікті жаңа аппаратпен емдейді

Қызылордадағы радиология корпусына екі сызықтық үдеткіш орнатылады. Бұл аппарат сау ағзаларға барынша зиян келтірмей, сәулені ісікке дәл бағыттауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ орталықта өкпе, өңеш, асқазан, бауыр және басқа да қатерлі ісіктерге заманауи операциялар жасалады. Бұған дейін мұндай ем үшін Астана мен Алматыға барған науқастар енді қажетті көмекті өз өңірінде ала алады.

Бөлісу